Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округіне
сайланған әкімді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 15 ақпандағы болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Абдуали Даурен Нурмуханбетулы, 1987 жылы туылған, Үңгіртас ауылдық округінің әкімі, Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының тұрғыны, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тиісті куәлік берілсін.