Алматы облысы  Жамбыл ауданының Үңгіртас ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы ХАБАРЛАМА

Алматы облысы  Жамбыл ауданының

Үңгіртас ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы

ХАБАРЛАМА

 

2026 жылғы 15 ақпанда Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Үңгіртас ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2227 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1495 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 17 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылдық округі әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:

Абдрахаев Мәжит Мырзаханұлы үшін сайлаушылардың 227  дауысы берілді;

Абдуали Даурен Нұрмұханбетұлы үшін сайлаушылардың  967 дауысы берілді;

Конеев Айдос Хайролаұлы үшін сайлаушылардың 136 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 147.

 Сайлау қорытындылары бойынша Үңгіртас ауылдық округінің әкімі болып:

 1987 жылы туған, Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының тұрғыны Абдуали Даурен Нұрмұханбетұлы сайланды.

Дата публикации
16 февраля 2026