Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылдық округінің
әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2026 жылғы 7 қаңтарда Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 15 ақпанға Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы, сайлау учаскесінің шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиясы, 24 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Үңгіртас ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 2238 адамды құрайды.
2026 жылдың 8 қаңтарынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2026 жылдың 20 қаңтардағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат - өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2026 жылғы 20 қаңтарда сағат 18:00-де аяқталды.