№ 2 ХАТТАМА Жобаларды жоспарлау тақырыптары бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімі

Қатысушылар:

1) Ералиева Гүлім Серғазықызы – төраға, Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының м.а., бас маман;

2) Махатаева Мансия Серғалиқызы – Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы;

3) Альжанова Галина Гергиевна – «Жамбыл ауданы Әйелдерге қолдау көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің басшысы;

4) Мустахимов Серғазы Амангельдинович – «Жамбыл ауданы мүгедек спортшылары федерациясы» қоғамдық бірлестігінің басшысы;

5) Юлдабаев Ильдар Абрарович – «Алматы облысы татар және башқұрт мәдениетінің қоғамдық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің басшысы.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Жамбыл ауданы, Алматы облысы қоғамдық ұйымдарының 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларының тақырыптық ұсыныстарын қарау.

 

  1. 2025 жылғы 3 желтоқсанда Жамбыл ауданы ішкі саясат бөлімі 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыптары мен техникалық сипаттамаларын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Ұсыныстарды 2025 жылғы 19 желтоқсанға дейін қабылдау белгіленген болатын.

         Тақырыптар мен техникалық сипаттама бойынша ешқандай ұсыныстар түскен жоқ.

Дата публикации
24 декабря 2025