Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округіне
сайланған әкімді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 14 қыркүйекте болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Джайлямысов Бакытжан Хасымханович, 1976 жылы туылған, «Қылышбек» ШҚ директоры, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылының тұрғыны, Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.
|
Төраға
|
|
Ж. Карымбаев
|
|
Хатшы
|
|
А. Керимбаева
|
Ұзынағаш ауылы,
2025 жылғы 16 қыркүйек
№39