Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің
әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 6 тамызда Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 14 қыркүйекке Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.
Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы, сайлау учаскесінің шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиясы, 24 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жамбыл ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 3217 адамды құрайды.
2025 жылдың 7 тамызынан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2025 жылдың 19 тамыздағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 2 кандидат - өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.
Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 19 тамызда сағат 18:00-де аяқталды.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы