Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 1) -тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйекке тағайындалған Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                           Ж. Қарымбаев 

 

Хатшы                                                                         А. Керімбаева

 

 

Ұзынағаш ауылы,

2025 жылғы 6 тамыз,

№ 14

Дата публикации
06 августа 2025