Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Ұзынағаш ауылы, Абая №56 көшесі (ауданішілік әкімдік ғимараты, 1 қабат, 18 кабинет) мекен жай бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданішілік тұрақты тасымалдаудың маршруттарына қызмет көрсету құқығына Конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
- Конкурсқа келесі бағыттар қойылады:
ЛОТ №1: №8 бағытта «Ұзынағаш – Еңбекшіарал - Сарыбай би», №9 бағытта «Ұзынағаш (ауылішілік)», №10 бағытта «Ұзынағаш – Жамбыл», №11 бағытта «Ұзынағаш – Самсы – Сарыбастау – Үңгіртас – Көкқайнар».
- Конкурсқа меншік түрінен тәуелсіз, өзінің жеке меншік немесе басқа заң негіздерінде автокөлікке иелік ететін кез келген жеке және заңды тұлғалардың қатысуға құқығы бар.
- Конкурсқа қатысу бойынша конкурстық құжаттардың жиынтығын алу үшін Ұзынағаш ауылы, Жандосова көшесі № 1F ғимараты, 11 кабинет, мекен жай бойынша жазбаша өтініш ұсынуға міндетті.
- Конкурстық құжаттар жиынтығын алуға өтініш өткізудің және Конкурсқа қатысу өтініштерін қабылдаудың соңғы мерзімі: 2025 жылдың 01 тамыз айына дейін.
- 2025 жылдың 30 шілде айының сағат 11-00 Ұзынағаш ауылы, Абая №56 көшесі (ауданішілік әкімдік ғимараты, 1 қабат, 18 кабинет) конкурстық Комиссия конкурс өткізудің мәселелрі бойынша конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
Жамбыл ауданының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі