Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
сайланған әкімді тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес және аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 17 маусымдағы № 29 шешімі негізінде Қасенов Кенжемұрат Болатұлы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округінің әкімі болып тіркелгенін хабарлайды.
Жамбыл ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы