Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округіне
сайланған әкімді тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 15 маусымда болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округіне әкімді сайлау қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Абдыкаримов Мухтар Джумабекович, 1978 жылы туылған, «Жамбыл ауданы әкімі аппараты» ММ-нің бөлім басшысы, Алматы қаласының тұрғыны, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тиісті куәлік берілсін.