Алматы облысы Жамбыл ауданы
Үлкен ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 15 маусымда Жамбыл ауданы Үлкен ауылы, әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1106 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 293 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Әлихан Сұлтан Есілұлы үшін сайлаушылардың 17 дауысы берілді;
Джунусбеков Айдос Жанақбекұлы үшін сайлаушылардың 22 дауысы берілді;
Қасенов Кенжемұрат Болатұлы үшін сайлаушылардың 214 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 18.
Сайлау қорытындылары бойынша Үлкен ауылының әкімі болып:
1966 жылы туған, Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Үлкен ауылының тұрғыны Кенжемұрат Болатұлы Қасенов сайланды.