Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының

ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен, Үлгілі, Шиен ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 15 маусымға тағайындалған Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен, Үлгілі, Шиен ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
07 мая 2025