Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін

сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округiнiң шекарасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округiнiң әкiмiн сайлау бойынша аумақтық сайлау округi құрылсын.
  2. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округінің шекарасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлгілі ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  3. Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылдық округінің шекарасында Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.

Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Дата публикации
07 мая 2025