Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113–11 бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 06 сәуірде болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1972 жылы туған Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында тұратын, Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі Бейсенбеков Бакыт Рыскельдиевич Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.