Алматы облысы Жамбыл ауданы
Мәтібұлақ ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113–11 бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 06 сәуірде болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1993 жылы туған Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылында тұратын, Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі орынбасары Мұқашев Мәдиар Мұратханұлы Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
- Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Тиісті куәлік берілсін.