Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

Алматы облысы Жамбыл ауданы

Қарасу ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113–11 бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылғы 06 сәуірде болған Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы туралы сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1987 жылы туған Жамбыл ауданы Еңбекшіарал ауылында тұратын Қарасу ауылдық округінің әкімі Даурембаев Нуржан Канагатович Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің әкімі болып тіркелсін.
  2. Сайланған әкімді тіркеу туралы хабар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Тиісті куәлік берілсін.

Дата публикации
08 апреля 2025