Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

       Жамбыл аудандық                                      Жамбылская районная            

       сайлау комиссиясы                                    избирательная  комиссия

 

              Қ А У Л Ы                                               П О С Т А Н О В Л Е Н И Е

                                      22.10.2020 ж.    № 2  

        Ұзынағаш ауылы                                                   с. Узынагаш                                                                

  

Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының

кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Жамбыл аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Манкееваға жүктелсін.

 

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Е. Тулибеков

Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы С. Манкеева

Күнтізбелік жоспар
Дата публикации
29 октября 2020