Алматы облысы Жамбыл ауданы
Ұзынағаш ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 06 сәуірде Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы, әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 35672 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 23176 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 111 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Бейсенбеков Бақыт Рыскелдіұлы үшін сайлаушылардың 15572 дауысы берілді;
Сырлыбаев Қуаныш Әбдіхамитұлы үшін сайлаушылардың 4242 дауысы берілді;
Чашабаев Азамат Тұрсымбекұлы үшін сайлаушылардың 3291 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 38.
Сайлау қорытындылары бойынша Ұзынағаш ауылының әкімі болып:
1972 жылы туған, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Бақыт Рыскелдіұлы Бейсенбеков сайланды.