Алматы облысы Жамбыл ауданы
Мәтібұлақ ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 06 сәуірде Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылы, әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2128 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1394 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 23 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Жамбыл ауданы, Мәтібұлақ ауылы әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Абдрахаев Мәжит Мырзаханұлы үшін сайлаушылардың 140 дауысы берілді;
Килышбаев Қайрат Қондыбайұлы үшін сайлаушылардың 200 дауысы берілді;
Муқашев Мәдиар Мұратханұлы үшін сайлаушылардың 1037 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8.
Сайлау қорытындылары бойынша Мәтібұлақ ауылының әкімі болып:
1993 жылы туған, Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылының тұрғыны Мәдиар Мұратханұлы Муқашев сайланды.