Алматы облысы Жамбыл ауданы
Қарғалы ауылы әкімінің сайлау нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылғы 06 сәуірде Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы, әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 21060 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 12372 сайлаушы қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 92 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы әкімінің сайлауының мынандай қорытындылары белгіленді:
Дәуіт Айбек Базарханұлы үшін сайлаушылардың 3044 дауысы берілді;
Ешетов Ғабит Серікқұлұлы үшін сайлаушылардың 2327 дауысы берілді;
Наметов Қуаныш Мұратбекұлы үшін сайлаушылардың 6945 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 23.
Сайлау қорытындылары бойынша Қарғалы ауылының әкімі болып:
1974 жылы туған, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округі әкімі, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Қуаныш Мұратбекұлы Наметов сайланды.