Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің

әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды  ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2025 жылғы 26 ақпанда  Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2025 жылғы  6 сәуірге Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлауды тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, сайлау учаскелерінің шекаралары, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары, 152 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Ұзынағаш ауылдық округі  бойынша сайлаушылар саны 35415 адамды құрайды.

2025 жылдың 27 ақпаннан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды. Ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2025 жылдың 11 наурыздағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде  2 кандидат - өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Әкім болуға кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 11 наурызда сағат        18:00-де аяқталды.

 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
11 марта 2025