Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін
сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округiнiң шекарасында Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округiнiң әкiмiн сайлау бойынша аумақтық сайлау округi құрылсын.
- Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Ж. Қарымбаев
Хатшы А. Керімбаева
Ұзынағаш ауылы,
2025 жылғы 26 ақпан
№ 1