Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтері әкімдерін

сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округiнiң шекарасында Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округiнiң әкiмiн сайлау бойынша аумақтық сайлау округi құрылсын.
  2. Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Қарғалы ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  3. Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  4. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің шекарасында Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  5. Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                                  Ж. Қарымбаев 

 

Хатшы                                                                                 А. Керімбаева

 

 

Ұзынағаш ауылы,

2025 жылғы 26 ақпан

№ 1

Дата публикации
26 февраля 2025