Алматы облысы Жамбыл ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының

ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарасу, Қарғалы, Мәтібұлақ, Ұзынағаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалған Жамбыл ауданы Қарасу, Қарғалы, Мәтібұлақ, Ұзынағаш ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Атамекен» газетінде жариялансын және Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға                                                                Ж. Қарымбаев

    Хатшы                                                                А. Керімбаева

 

 

Ұзынағаш ауылы,

2025 жылғы 26 ақпан,

№ 2

Дата публикации
26 февраля 2025