Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қазандағы
«Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №784 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 8 қазандағы «Жамбыл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 285 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №784 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2157 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Ертас