Жамбыл ауданының Ішкі саясат бөлімі 2025 жылғы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыптарын ұсынады.
№1 ЖОБА
2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл ауданының
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобалардың
ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ
|
Жоба атауы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
|
Жоба атауы: "Бір ел-бір мүдде" – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтуге және Жамбыл ауданы тұрғындары арасында халық бірлігін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту, үйлесімді тілдік саясатты (мемлекеттік тілді) ілгерілетуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
Жоба сомасы (мөлшерлі шығын сметасына сәйкес) – 2 645 000 теңге |
Әлеуметтік жоба Жамбыл ауданы тұрғындарын бірлік, бейбітшілік және өзара құрмет құндылықтары негізінде біріктіруге, сондай-ақ мемлекеттік тілді және аймақ этностарының мәдениетін насихаттау саясатын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды өткізуді қарастырады. Жобаның мақсаты: Өзара құрмет, достық және толеранттылық қағидаттарына негізделген жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттау, түрлі этникалық топ өкілдері арасында ашық диалог үшін жағдай жасау, сондай-ақ «Бір ел – бір мүдде» идеясын насихаттау. Жобаны іске асыру аясында келесілерді қарастыру қажет: Әлеуметтік жоба аясында қарастырылатын іс-шаралар: · Жанжалдарды және келіспеушіліктерді медиация арқылы шешу бойынша дағдыларды қалыптастыруға бағытталған Этномедиация бойынша «Этносаралық саладағы келіссөздер процесінің заманауи технологиялары» тақырыбында оқыту тренингтерін өткізу. Тренингке қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері мен мүдделі тұлғалар (мемлекеттік органдар, серіктестер және т.б.) үшін өткізіледі. Қатысушыларды брендтік тарату материалдарымен қамтамасыз ету (папкалар, блокноттар, қаламдар). Кемінде 50 адамды қамту; · Алғыс айту күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының қатысуымен «Тағдыры мен тарихы тоғысқан бір халықпыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізу. ҚХА ардагерлеріне сый құрмет көрсету, марапаттау рәсімін өткізу(10 адамнан кем емес); · Мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» тақырыбында колледж студенттері арасында дөңгелек үстел өткізу. Қатысушыларды брендтік тарату материалдарымен (папкалар, блокноттар, қаламдар) қамтамасыз ету және өткізу орнын безендіру (тақырыптық баннер немесе стенд) ұйымдастыру. · Ауданның бір мектептің базасында «Бейбітшілік пен келісім туралы ақсақал сөзі» атты тақырыптық күнді ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өткізу және өткізу орнын безендіруді қамтамасыз ете отырып (тақырыптық баннер), отбасы тәрбиесі туралы бейнероликтер көрсету. · Аралас тілде білім беретін мектеп оқушылары арасында «Толеранттылыққа тәрбиелеу – буллингке қарсы күрестің негізі» тақырыбында семинар өткізу. Семинарға қатысушыларға тақырып бойынша парақшаларды тарату (кемінде 100 дана). · «Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие» тақырыбында және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған бірыңғай тақырыптық «Аналар күні», «Отбасы күні» өткізу. · Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған ауданның этномәдени орталықтарының өкілдерін тарту арқылы «Рахмет, Жер ана!» тақырыбында Узынағаш ауылының аумағын абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған экологиялық акция ұйымдастыру және өткізу; · ҚХА-ның 30 жылдығын мерекелеуге және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Тамырлас» тақырыбында 3 сапалы бейнеролик (подкаст) дайындау; · Отбасыны қолдау орталығы мен аудандық аналар кеңесінің мүшелерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастыру және өткізу; · «ҚХА-халық бірлігінің символы» атты қорытынды аудандық кеңес ұйымдастыру және өткізу. ҚХА құрылымдағы: ҚХА Аналар кеңесі; Ақсақалдар кеңесі; «Ассамблея жастары» РҚБ; Журналистер клубы; ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі; ҚХА Этномедиация кеңесі белсенділерін марапаттау рәсімін өткізу және сыйлықтар тапсыру. · Жоба аясында өткізілген іс- шараларды ауданның БАҚ-та және әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау; Жоба аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар (форум, конференция, дөңгелек үстел, семинар, тренинг, кездесулер, байқаулар, фестивальдар және т.б.), шығарылатын өнімдер (папка, блокнот, буклеттер, әдістемелік құралдар және т.б.) Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамызында №19 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарына сай болуы қажет. Жоба қорытындысы бойынша 2 дана шығармашылық және қаржылық есеп дайындау қажет. Есепке іс-шаралардың бағадарламасын, қатысушылардың тізімін (аты-жөні, жұмыс істейтін/оқу орны, байланыс телефоны, қолтаңбасы көрсетілуі тиіс), заңгердің/ психологтың/кеңесшінің/дәріс оқушының байланыс телефондары жазылған түйіндемесін, баспасөз баянын, баяндамалар мен дәрістердің үзінділерін, іс-шараларды фото суреті (сапалы фотосуреттер (әртүрлі қырынан, соның ішінде, іс-шара өтетін орынның (залдың, кабинеттің, алаңшаның) жалпы көрінісі, шығарылған өнімдердің қолданылу фактісі, үлестірме құралдарының таратылуы, сыйлықтармен марапаттау және тамақтану сәті және т.б), баспа және электронды БАҚ мақалалардың (5 мақаладан кем емес) және аудио/видео өнімдердің көшірмесі, сарапшылардың тұжырымы, қызмет алушылардың пікірлері, үлестірме құралдарының үлгісі мен түпнұсқасы және тағы басқа дәлел бола алатын құжаттарды салу қажет. Сонымен қатар, есепке қосымша фото суреттерді, бейне/аудио/электронды материалдарды және 10 минуттық бенеқатарды СD-диск немесе флеш құрылғысында қоса беру қажет. Есеп тапсырыс берушіге қызметтің мерзімі аяқталуына 5 күн қалғанда ұсынылуы тиіс. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі 30 қарашаға 2025 жылға дейін. |
№2 Жоба
2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл ауданының үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобалардың
ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ
|
Жоба атауы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
|
Жоба атауы: «Елдің болашағы-жастар» мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған және жұмысшы мамандықтар жылы шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру
Жоба сомасы (мөлшерлі шығын сметасына сәйкес) 2 000 000 теңге |
Жоба Жамбыл ауданының жастарын тарта отырып, олардың кәсіби және жеке дамуға саналы көзқарасын, сондай-ақ бастамашылықты, дербестікті, жауапкершілікті дамытуға, сонымен қатар жұмысшы мамандықтарының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған . Жобаның мақсаты: Жастардың әлеуетін арттыру, оларды өз елінің дамуына үлес қосатын жауапты азаматтар ретінде тәрбиелеу, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ жастарды осы салада кәсіби шеберлікке баулу. Бұл мақсатты іске асыру арқылы жастардың еңбек нарығына бейімделуіне және түрлі мамандықтар бойынша біліктілігін арттыруға ықпал ету көзделеді. Сонымен қатар, жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттырып, оларға лайықты жұмыс орындарын ұсыну арқылы қоғамда тұрақтылық пен экономикалық даму деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік жасалады. Жобаны іске асыру аясында келесілерді қарастыру қажет: · Аудан жастары арасында өз мамандығында үлкен жетістіктерге жеткендерді тарта отырып, «Бақыт кілті – еңбекте» тақырыбында кемінде 2 кездесу; аудандық ана кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің қатысуымен «Дәстүрлердің тәрбиелік мәні» тақырыбында 2 кездесу өткізу; · жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің жоғары сынып оқушылары арасында 2 кездесу өткізу, онда алкоголизмнің, нашақорлықтың және ойынға құмарлықтың ескерту және алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қатысушыларға кітапшаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде тарату; · Ұлы Отан соғысы ескерткіштерін тазалау, және парктер, ескерткіштер аумағын тазарту, ағаш отырғызуға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясын ұйымдастырып, өткізу, акция қатысушыларын бас киімдермен, футболкалармен қамтамасыз ету (кемінде 15 адам); · «Жас отбасы-2025» байқауын өткізіп, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттау рәсімін ұйымдастыру; · Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, ауған соғысы және еңбек ардагерлеріне арналған «Қол үшін беру» еріктілер акциясын ұйымдастырып, өткізу, акция қатысушыларын бас киімдермен, футболкалармен қамтамасыз ету (кемінде 15 адам); · Бизнес және ауыл шаруашылығы өкілдерін тарта отырып, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу; · Жамбыл атындағы кәсіби колледж базасында «MamandyqFest» фестивалін ұйымдастыру және өткізу, оған мектеп оқушылары, аудан жұмыс берушілері, ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімдері, «Атамекен» палатасының қызметкерлерін шақыру. · Жастар стартаптары мен жобаларының жеңімпаздарын тарта отырып Жастарға арналған 2 білім беру іс-шарасын (семинар, мастер-класс, біліктілікті арттыру курстары) ұйымдастыру; · кемінде 100 жастарды қамту арқылы «Менің Туым», «Менің Елтаңбам» және «Менің Әнұраным» атты флешмоб-акциясын өткізу. Акция қатысушыларын мемлекеттік рәміздер бейнеленген жалаушалармен (100 дана), футболкалармен (100 дана) және бейсболкалармен (100 дана) қамтамасыз ету; · Адал еңбегімен жетістікке жеткен адамдар туралы мақалалар жариялау үшін аудан оқушылары мен студенттері арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырып, өткізу, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапаттау рәсімін өткізу; · Жұмыскерлердің ауданның дамуына елеулі үлес қосқан әртүрлі кәсіп өкілдерінің (кемінде 10 сала) еңбегін бағалауға бағытталған «Еңбек адамы-2025» аудандық байқауын ұйымдастырып, өткізу. Жеңімпаздардың әрқайсысы туралы 1 минуттан кем емес бейнеролик әзірлеп, марапаттау рәсімінде көрсету. Марапаттау рәсімі мен бағдарламасының сценарийін әзірлеу. Әр жеңімпазға кемінде 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беру. Барлық қатысушыларға дипломдар, сертификаттар тапсыру (кемінде 10 дана). Іс-шара өткізілетін орынды безендіру және қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастыру, рәсімді фото және бейне түсіру, сондай-ақ жобаның нәтижелері бойынша алғыс хаттарды жеңімпаздардың жұмыс орындарына тарату; · Іс-шараларды БАҚ-та және «Facebook», «Instagram» және басқа да әлеуметтік желілерде кеңінен жариялау; · Жоба аяқталғаннан кейін кемінде 2 минуттық қорытынды бейнеролик түсіру; Іс-шараларды ауданның эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып (санитарлық нормаларды сақтау) онлайн және офлайн форматтарын, өткізетін орнын, уақытын, сценарийін, әдістемелік құралдарын, сыйлықтарын Тапсырыс берушімен келісе отырып өткізу қажет. Жобаның аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар (форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер және т.б.), шығарылатын өнімдер (папкалар, блокноттар, буклеттер, әдістемелік құралдар және т.б.) Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №19 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартының талаптарына сәйкес болуы керек. Жобаны іске асырудың нәтижелері бойынша 2 данадан шығармашылық және қаржылық есептер дайындау. Есепке келесі құжаттарды қосу қажет: іс-шара өткізу бағдарламасы, қатысушылар тізімі (Т.А.Ә., жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары көрсетілген), заңгерлер/психологтар/кеңесшілер/лекторлардың түйіндемелері, баспасөз хабарламасы, баяндамалар мен/немесе сөз сөйлеулерден үзінділер, сапалы фотосуреттер (әртүрлі бұрыштардан түсірілген сапалы фотосуреттер (өткізу орнының жалпы фоны, дайындалған өнімдерді қолдану фактісі, тарату материалдарын алу, қатысушыларды сыйлықтармен марапаттау, тамақтандыру және т.б.), баспа және электронды БАҚ-тағы жарияланымдардың көшірмелері (кемінде 5 мақала), сараптамалық қорытындылар, тұтынушылардың пікірлері, аудио/видео материалдардың көшірмелері, тарату материалдарының түпнұсқалары және басқа қажетті растайтын материалдар. Есепте қосымшалар болуы керек: барлық іс-шаралардан фото, видео, аудио және электронды материалдардың архиві және барлық іс-шаралардан 10 минуттық видеоролик СD-дискке немесе флеш жинақтаушыға жазылуы керек. Есеп көрсетілген қызмет мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын Тапсырыс берушіге тапсырылады. Жобаны іске асыру мерзімі – 2025 жылғы 30 қарашаға дейін. |
№3 ЖОБА
2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Жамбыл ауданының
үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар жобалардың
ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ
|
Жоба атауы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
|
Жоба атауы:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру «Болашақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»
Жоба сомасы (мөлшерлі шығын сметасына сәйкес) – 3 349 000 теңге |
Жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мақсатты топтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларға "нөлдік" төзімділікті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Жоба Мақсат - Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының 2022-2026 жылдарға арналған негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ Жамбыл ауданында азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық институттарға сенімін арттыру. Міндеттер: · Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған ақпараттық-әдістемелік материалдарды (200 данадан кем емес) дайындау және оларды халық арасында тарату (мазмұнын Тапсырыс берушімен және Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу, таратуды Тапсырыс берушімен келісу); · Жамбыл ауданында 2000 данадан кем емес А5 форматтағы парақшалар және 200 данадан кем емес жапсырма плакаттарды дизайнерлердің қатысуымен дайындап, тарату (эскиздер, мазмұнын Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу, ал дислокацияны Тапсырыс берушімен келісу); · Жамбыл ауданында 20 сыбайлас жемқорлыққа қарсы билбордтарды дайындап, орналастыруды ұйымдастыру (эскиздер, мазмұнын Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу, ал дислокацияны Тапсырыс берушімен келісу); · Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы 1 минутқа дейінгі 4 креативті, өзекті, сапалы бейнероликтерді дайындап, оларды ауданның барлық өзекті, маңызды, танымал, оқылатын әлеуметтік желілеріне тарату (мазмұнын Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу, әлеуметтік желілерге орналастыруды Тапсырыс берушімен келісу); · Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік және бизнес секторлардың, қоғамдық және жастар ұйымдарының, қоғамдық пікір көшбасшыларының, ақсақалдар кеңесінің мүшелерінің, аналардың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы кемінде 10 ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, кездесулер, презентациялар) өткізу, сондай-ақ 3 конкурс өткізу (қажет болған жағдайда жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапаттау) және оларды әлеуметтік желілерде жариялау. Кездесулерді, дөңгелек үстелдерді өткізу кезінде қатысушыларды тарату материалдарымен (папкалар, блокноттар, қаламдар) және кофе-брейкпен қамтамасыз ету. Контентті, тақырыпты, дайындауды, ұйымдастыруды, қатысушыларды Тапсырыс берушімен келісу. Шараларға Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган қызметкерлерін шақыру. Конкурстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды марапаттау, марапаттау рәсімін өткізу үшін бағалы сыйлықтар, дипломдар дайындау (шарттарды, мазмұнды және марапаттау рәсімін Тапсырыс берушімен келісу). Барлық іс-шаралар, ұйымдастыру және дайындық Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жазбаша түрде келісіледі. Іс-шаралардың мерзімі мен атаулары Тапсырыс беруші және Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы өзгертілуі мүмкін. Жобаның аясында ұйымдастырылатын іс-шаралар (форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, кездесулер және т.б.), шығарылатын өнімдер (папкалар, блокноттар, буклеттер, әдістемелік құралдар және т.б.) Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №19 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартының талаптарына сәйкес болуы керек. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау аяқталғаннан кейін, қоғамдық талқылау өткізу, нәтижелерін алдын ала бағалау және есеп беру нысаны бойынша есеп, сондай-ақ 2 данадан шығармашылық және қаржылық есептер дайындау. Есепке келесі құжаттарды қосу қажет: іс-шара өткізу бағдарламасы, қатысушылар тізімі (Т.А.Ә., жұмыс/оқу орны, байланыс телефондары, қолтаңбалары көрсетілген), заңгерлер/психологтар/кеңесшілер/лекторлардың түйіндемелері, баспасөз хабарламасы, баяндамалар мен/немесе сөз сөйлеулерден үзінділер, іс-шаралардан фотосуреттер (әртүрлі бұрыштардан түсірілген сапалы фотосуреттер (өткізу орнының жалпы фоны, дайындалған өнімдерді қолдану фактісі, тарату материалдарын алу, қатысушыларды сыйлықтармен марапаттау, тамақтандыру және т.б.), баспа және электронды БАҚ-тағы жарияланымдардың көшірмелері (кемінде 3 мақала), сараптамалық қорытындылар, тұтынушылардың пікірлері, аудио/видео материалдардың көшірмелері, тарату материалдарының түпнұсқалары және басқа қажетті растайтын материалдар. Есепте қосымшалар болуы керек: барлық іс-шаралардан фото, видео, аудио және электронды материалдардың архиві, Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органмен келісу хаттарының көшірмелері СD-дискке немесе флеш жинақтаушыға жазылуы керек. Есеп көрсетілген қызмет мерзімі аяқталғанға дейін 5 күн бұрын Тапсырыс берушіге тапсырылады. Жобаны іске асыру мерзімі - 2025 жылғы 30 қарашаға дейін. |
P/S: Бұл нысанға қосымшаларды қосу немесе өзгертуге болады.
Ішкі саясат бөлімі, 8(72770)21355, 22431