2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар

2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар

 

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.

«Елдің болашағы-жастар»    мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған және жұмысшы мамандықтар жылы шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру

2 000 000

1. Қазақстан Республикасының 2023-2027 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №744 Жарлығы «Жұмысшы мамандықтар жылын жариялау туралы»

.

Аудан жастары

Жастарды  әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларда белсенді әрі жауапты азамат ретінде тәрбиелеу,  мемлекеттік жастар саясаты саласындағы түрлі жобаларға ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету, олардың қоғамдық және кәсіби дамуында жан-жақты мүмкіндіктер жасау, сонымен қатар  жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңыздылығын арттыру, жастарды осы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру  

2.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру «Болашақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты тақырыпқа арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. 

 

3 349 000

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  ҚР Заңы,  18.11.2015 ж №410-V

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, білім, медицина, мәдениет, спорт саласының өкілдері, аудан жастары    

Жамбыл ауданы тұрғындарының  арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарға төзімділікті төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

3.

"Бір ел-бір мүдде" – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойын атап өтуге және Жамбыл ауданы тұрғындары арасында халық бірлігін, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту, үйлесімді тілдік саясатты (мемлекеттік тілді) ілгерілетуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. 

 

2 675 000

1.Қазақстан Республикасы Президентінің 26.11.2022 ж.  №2 Жарлығы аясында «Этносаралық келісім мен қазақстандық  патриотизмді нығайтуға арналған іс-шаралар өткізу»

2.Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауына  іс-шаралар өткізу

 

Жергілікті атқарушы органдардың, Жамбыл ауданының "Қоғамдық келісім" КММ өкілдері, ауданның этномәдени орталықтарының мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, аналар кеңесінің, аудан және ауылдық округтер ақсақалдар кеңесінің мүшелері, жастар және аудан тұрғындары.

Этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты нығайту, ксенофобияның алдын алу, аудан этностарының дәстүрлерін сақтау, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілді оқытуды насихаттау. Келіссөздер жүргізу, жанжалды жағдайларды шешу, әртүрлі этникалық топтардың өкілдері арасында ашық диалог үшін жағдай жасау.

Дата публикации
27 января 2025