Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 8 желтоқсанда Жамбыл аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау өтетінін хабарлайды. Сайлау бірмандаттық № 16 сайлау округі бойынша өтеді.

Шығып қалған депутаттардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.

Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін ауданның аумақтық сайлау комиссиясы айқындайды.

Алдағы уақытта  болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасынан алуға болады.

Дата публикации
14 октября 2024