Ақсеңгір ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Ақсеңгір ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды

ХАБАРЛАМАСЫ

 

  2024 жылғы 15 қыркүйекте Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2714 азамат енгізілді, олардың 1781-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  Жекен Әлібек Бақытжанұлы – 318;

  Касымшалов Ержан Абдикеримович – 1196;

  Шаштай Жалғас Ермекұлы – 257.

Ақсеңгір ауылдық округі әкімі болып Касымшалов Ержан Әбдікерімұлы сайланды, 1968 жылы туылған, Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округі әкімінің қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.

Дата публикации
16 сентября 2024