Сайлау учаскесінің орталығын уақытша ауыстыру туралы

Сайлау учаскесінің орталығын

уақытша ауыстыру туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:

  1. №301 сайлау учаскесінің  «Енбекшіарал   ауылындағы   орта  мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Еңбекшіарал ауылы, Көкбастау көшесі № 1а мекен-жайында орналасқан орталығын  Еңбекшіарал ауылы, Мектеп көшесі № 23Б мекен-жайында орналасқан «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Айсұлтан-2015»  бөбекжай коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына уақытша ауыстырылсын.
  2. Жамбыл ауданының   аумақтық   сайлау    комиссиясы   №301   сайлау учаскесінің орталығын ауыстыру туралы ақпаратты сайлаушыларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
  1. Осы шешім бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялансын  және Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ә. Қамбарұлына жүктелсін.
Дата публикации
04 сентября 2024