Беріктас ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 25 тамызда Беріктас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Беріктас ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1097 азамат енгізілді, олардың 618-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дауренбаев Ержан Кауынбаевич – 119;
Қарабасов Асылбек Күлжігітұлы – 68;
Молдагалыкова Сандугаш Талдыбековна – 421.
Беріктас ауылдық округі әкімі болып Молдагалыкова Сандуғаш Талдыбекқызы сайланды, 1976 жылы туылған, Жамбыл ауданы Беріктас ауылдық округі әкімінің қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Беріктас ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы