Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпара

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір

ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес,                        2024 жылғы 07 тамызда  Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы                         2024 жылғы  15 қыркүйекке  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары, 26 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Ақсеңгір ауылдық әкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны  2728 адамға жуық санды құрайды.

2024 жылғы 08 тамыздан бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 20 тамыздағы жағдай бойынша 4 кандидат ұсынылды.  3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың          20 тамыз күні сағат 18-00 де аяқталды.

 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 августа 2024