Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы   8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы   8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107-05 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
15 августа 2024