Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.