Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы қорытынды ақпарат

Алматы облысы Жамбыл ауданы Беріктас

ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы

қорытынды ақпарат

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы   25 тамызда Беріктас ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2024 жылғы 17 шілдеде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Беріктас  ауылдық округі  әкімінің  сайлауын  тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары, 14 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Беріктас ауылдық әкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны  1097 адамға жуық санды құрайды.

2024 жылғы 18 шілдеден  бастап әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 30 шілдедегі жағдай бойынша 3 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен және 1 кандидат «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2024 жылдың          30 шілде күні сағат 18-00 де аяқталды.

Сайлауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Дата публикации
30 июля 2024