Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау
бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы 1-жарты жылдығындағы жұмысы туралы есебіне
талдамалық анықтама
Ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Жамбыл ауданы әкімдігінің деңгейінде 33 мемлекеттік орган – қызмет көрсетуші: аудан әкімінің аппараты, 24 ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, 9 аудандық бөлім жұмыс істейді.
Аудан әкімінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №91-ө өкімімен Жамбыл ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі 2024 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылдың 1-ші жартыжылдығында 4 бақылау іс-шарасы өткізілді, онда 3 жергілікті атқарушы орган, 1 аудандық бөлім қамтылды.
Бақылау іс-шарасын өткізу барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ҚР заңнамасын сақтау тұрғысынан 1 бұзушылық анықталды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 1 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды: Мыңбаев ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы (ескерту).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қазіргі уақытта орындалған 13 ұсыным әзірленді.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтары № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер – 104 қызмет түрін көрсетеді.
2023 жылдың 05 желтоқсанында Жамбыл ауданы әкімдігінің 2024 жылға арналған Медиа – жоспары бекітілді (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша БАҚ-да жарияланым, соның ішінде қызмет алушыларды мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру).
2024 жылдың 6 айында 43 түсіндіру іс – шаралары өткізілді. Ауданның мемлекеттік органдарымен «Атамекен» газеттерінде 15 мақала, әлеуметтік желілерде 24 жарияланым, 4 семинар, 2 мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі, 11 Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау, «Қызметті алушылар күні» - 2, «Qyzmet live» жобасы бойынша 12 баспасөз конференциясы, онда адам түсіндіру іс – шараларымен қамтылды. Электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы 3 бейнеролик әзірленді.
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 13 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша оқудан өтті.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар орын алмады.