Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдығындағы жұмысы туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Жамбыл ауданы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының 2023 жылдығындағы жұмысы туралы

 

Жамбыл ауданының мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарымен
2023 жылдың 12 айына жалпы 39 735  ( Оның ішінде: 39 550 жеке тұлға, 185 заңды тұлға)

Көрсетілген қызметтердің басым бөлігі 93% - қызмет берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде, 6,5% – қызмет ХҚКО арқылы және 0,5% – баламалы негізде қағаз нысанда ұсынылған.

        «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту»  бойынша ауылдық округ және ауданға қарасты мекеме, бөлімдермен мамандарымен жыл басынан 168 түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылып, аудандық «Атамекен» газетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты 9 мақала жарияланған. «Қызмет лайф» жобасы аясында 10 мемлекеттік мекемемен тікелей эфир өткізілді.

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Алматы облысы бойынша филиалында «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудың практикалық құралдары» атты 40 академиялық сағат көлемінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарына 19 мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Аудандық  мекемелер арасында (бөлімдер, ауылдық округтерде, мектеп, балабақшалар мен дәрігерлік мекемелерде, кітапханалар) барлығы 181  өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істеп тұр. Мекемелердің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарымен қамтылу деңгейі   73 %-ды құрайды.

Жыл басынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шағым, арыз түскен жоқ.

Дата публикации
16 июля 2024