Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (бұдан әрі АӘК)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (бұдан әрі АӘК)

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау Как получить услугу в Государственном органе (Центр занятости населения и Аким сельского округа) (необходимые документы):

1. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдау кезінде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – Ақпараттық жүйелер) мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады:

1. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

2. оралман мәртебесі туралы;

3. босқын мәртебесі туралы;

4. шетелдіктің мәртебесі туралы;

5. азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы;

6. отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

7. жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

8. мүгедектікті белгілеу туралы;

9. баланың тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы (барлық балаларға);

10. қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы);

11. бала асырап алу туралы);

12. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы;

13. егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

14. табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

15. жеке кәсіпкердің мәртебесі туралы;

16. өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

17. жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

18. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі (бар болса) туралы;

19. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

20. алименттер туралы және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде олар бойынша берешектің болуы туралы;

21. өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

22. меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайдың болуы туралы;

23. жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің меншігінде болуы туралы;

24. меншікте көлік құралының болуы туралы.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (бұдан әрі АӘК)
Дата публикации
22 сентября 2020