Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы «Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер,ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін қажетті мамандық тізбесін бекіту туралы» № 367 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,білім беру,әлеуметтік қамсыздандыру,мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар,кенттер,ауылдық округтерәкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №105 бұйрығына сәйкес,Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №367 «Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін қажетті мамандық тізбесін бекіту туралы» қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Туматаевқа жүктелсін.