"Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

"Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Ұзынағаш ауылы                                                                       18 маусым 2024 жыл

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының 2024 жылғы 30 мамырдағы №46-н "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы" бұйрығының негізінде  2024 жылғы 03 маусым мен 18 маусым аралығында ішкі талдау жүргізіліп, бөлімнің 2023 жылғы жұмыс кезеңі қамтылды.

Бөлім өз қызметін Жамбыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №515 қаулысымен бекітілген ереже (бұдан әрі-Ереже) негізінде жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес бөлімнің миссиясы экономикалық саясатты қалыптастыру, дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджетті атқару және ауданның коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыру болып табылады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

 

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

 

  1. Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:
  • Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы.
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі.
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексі.
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153.
  • "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ Заңы.
  • "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасының Заңы.
  • "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
  • Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс.
  • "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы.
  • "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы.
  • "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңы.
  • "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 08 шілдедегі № 66-ІІІ Қазақстан Республикасының Заңы;
  • "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы.
  • "Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының қызметтік іссапарлары туралы қағидаларды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
  • "Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы.
  • "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы. "Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 3 ақпанда № 10176 болып тіркелді.
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығы. "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 25 тамызда № 6443 болып тіркелді.
  • "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы"ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығы;
  • ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары"бұйрығы;
  • Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 "ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" бұйрығы.

 

БАСҚАРМАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

  1. Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

2023 жылғы 31 желтоқсандағы штат кестесіне сәйкес Бөлімнің жалпы штат саны 8 адамды құрайды, нақты жұмыс істейтін 7 адам, Бос орындар - 1.

Ауданның мемлекеттік мекемелерінің арасында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен үлестестігі және жақын туыстарының бірлескен жұмысы жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілерге қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысы фактілері бөлімінде

Бөлімде кадрлар мүдделерінің қақтығысы фактілері тіркелген жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес бөлім ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну – мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Қызмет «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР 08.07.2005 жылғы № 66-ІІІ Заңына, Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 240 қаулысымен бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес көрсетіледі.

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қатаң түрде ұсынады бұдан әрі жас маман құжаттардың дұрыстығына сәйкестігін тексеру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.

2023 жылғы 01 сәуірден бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №93 бұйрығына сәйкес отбасын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін банк сенім білдірілген агент болып айқындалды. Бұл дегеніміз, қызметті алу үшін жас маман құжаттарды Отбасы Банкінің otbasybank.kz сайты арқылы электронды түрде жібереді.

Талданып отырған кезеңде бөліммен 400 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 215 көтерме жәрдемақы беру бойынша қызмет, 185 бюджеттік кредит беру бойынша қызмет көрсетілді (Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы-175, Баспана маркет порталы арқылы - 225). Негізсіз бас тарту фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шағымдар анықталған жоқ.

Талдау барысында аудан әкімі аппаратының ғимаратында Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпаратқа арналған тақта, оның ішінде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен регламенті және ұсынылатын құжаттардың үлгілері.

Ұсыныс: қолданыстағы Мемлекеттік қызметтер стандартының талаптарын қатаң сақтау.

  1. Бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ.
  2. Бөлімде бақылау функциялары жоқ.
  3. Бөлімнің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.

Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді есепке алу журналы бар. 2023 жылы жеке және заңды тұлғалардан 33 өтініш түскен.

Талдау көрсеткендей, бөлім қызметкерлері өтініштерді қарау кезінде заңдылық, өтініштерге қойылатын талаптардың бірлігі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау кепілдіктері, өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу, жеке және заңды тұлғалардың теңдігі, субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы сияқты қағидаттарды қолданады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелетін кезеңде теріс материалдар анықталған жоқ.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

  1. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысына кеңес береміз:

1) бұзушылықтарды жою және оларға жол бермеу бойынша қажетті бақылау шараларын қабылдасын;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасын насихаттау жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;

3) 2023 жылдың қорытындысы бойынша бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті мүлтіксіз сақтау.

Дата публикации
19 июня 2024