Теміржол ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 02 маусымда Теміржол ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3107 азамат енгізілді, олардың 1992-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 6.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердисов Асет Талгатовия – 303;
Сырлыбаев Қуаныш Абдихамитович – 321;
Сарсенов Омирбек Бегендикулы – 1362.
Теміржол ауылдық округі әкімі болып Сарсенов Өмірбек Бегендікұлы сайланды, 1991 жылы туылған, Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі әкімінің қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Қазыбек бек станциясында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.
Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы