Қарақастек ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Қарақастек ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

 

  2024 жылғы 02 маусымда Қарақастек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Қарақастек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2826 азамат енгізілді, олардың 1845-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ешетов Габит Сериккулович – 208;

Чашабаев Азамат Турсумбекович – 229;

Касымбаев Малик Серикович – 1406.

Қарақастек ауылдық округі әкімі болып Касымбаев Малик Серікұлы сайланды, 1971 жылы туылған, Жамбыл ауданы Қарақастек ауылдық округі әкімінің қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.

   

                             

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июня 2024