Бозой ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Бозой ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы 02 маусымда Бозой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Бозой ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 227 азамат енгізілді, олардың 168-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 0.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Амирова Венера Кенжетаевна – 18;

Джунусбеков Айдос Жанакбекович – 15;

Бейсембаева Торгын Сагатовна – 135.

Бозой ауылдық округі әкімі болып Бейсембаева Торғын Сағатқызы сайланды, 1963 жылы туылған, Жамбыл ауданы Бозой ауылдық округі әкімінің қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Бозой ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.

             

                             

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июня 2024