«Жамбыл ауданық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйктегі «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 7-32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының шешім жобасына салыстырмалы кесте
|
№ |
Құрылымдық элемент
|
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
|
«Жамбыл ауданық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйктегі «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 7-32 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» |
|||||
|
1 |
2-тармақ 1) тармақша |
«1) Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам» (бұдан әрі -уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
|
«1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»
|
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі және дактилоскопиялық тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 50-VIII Заңымен Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
|
|
|
2 |
Қазақ тілінде 7-тармақ 1) тармақша бірінші бөлігі |
«9 мамыр – Жеңіс Күні: мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш»;
|
«9 мамыр – Жеңіс Күні: мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
|
|
|
|
3 |
7-тармақ 4) тармақша бірінші бөлігі |
«Қазақстанның Тәуелсіздік күні –16 желтоқсан: Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңымен белгіленген Қазақстандағы 1986 жылғы 7-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға– 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш»;
|
«Алынып тасталсын»; |
|
|
|
4 |
9-тармақ 1) тармақша бірінші бөлігі |
«табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып: оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш;»
|
«табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып: оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш көрсетілсін»;
|
|
|
|
5 |
9-тармақ 3) тармақша бірінші бөлігі |
«туберкулез ауруымен амбулаторлық ем қабылдап жатқан адамдарға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, ай сайын – 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»
|
«әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш». |
|
|