ЖОБА
Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 7- 32 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Көрсетілген шешімнің қосымшасында 2 – тармақ 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға»;
Қазақ тілінде 7 – тармақ 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«9 мамыр – Жеңіс Күні:
мәртебеcі «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4–бабымен белгіленген, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір рет – 450 (төрт жүз елу) айлық есептік көрсеткіш және ай сайын 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;
7 – тармақ 4) тармақшасы алынып тасталсын;
9 тармақ 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) біржолғы әлеуметтік көмек облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып:
оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей бір рет – 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш»;
9 тармақ 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы): әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш».
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.