Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің 2024 жылдың                                  1-тоқсанындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдама.

Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің 2024 жылдың                                  1-тоқсанындағы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдама.

 

Ауыл  шаруашылығы  министрінің  2015   жылғы 30 наурыз № 4-3  бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылық техникалары бойынша мемлекеттік 4 қызмет түрін көрсетеді, атап айтқанда:

 

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы ақылы);
  2. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы ақылы);
  3. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы ақылы);
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы ақылы);

Жамбыл ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінде 2024 жылдың                                  қаңтар айынан наурыз айы аралығында жалпы 206 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру және ауыстыру - 9,  ауыл шаруашылығы және жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тіркеу және есептен шығару - 167, тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу – 1, ауыл шаруашылығы және жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 29.

Дата публикации
27 мая 2024