Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой  ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бозой  ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну туралы ақпарат

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылғы 24 сәуірде Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 02 маусымға  Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Бозой ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындады.

Сайлау тағайындау, сайлау округін құру туралы қаулылар, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан орны және құрамы, учаскелік сайлау комиссиясының құрамы және шекарасы, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудан әкімдігінің сайтында орналастырылған және аудандық «Атамекен» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 1 учаскелік сайлау комиссиялары, 12 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Бозой ауылдық округі бойынша сайлаушылар саны 226 адамды құрайды.

2024 жылдың 25 сәуірінен бастап ауылдық округ әкім болуға кандидаттарды ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2024 жылдың 07 мамырдағы  жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды.

2 кандидат  өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат - «Amanat» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Бозой ауылдық округ әкімі болуға кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 07 мамырда сағат 18:00-де аяқталады.

 

Жамбыл ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 мая 2024