Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №189820 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының «Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, тіл, спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.