Талап ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Талап ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды

ХАБАРЛАМАСЫ

 

  2024 жылғы 18 ақпанда Талап ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Талап ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1658 азамат енгізілді, олардың 1033 -і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ешеев Б.Б. – 758; Манауова Б.Қ. – 142; Мукашев Ж.Б. – 129.

Талап ауылдық округі әкімі болып Ешеев Багдат Болатханович сайланды, 1982 жылы туылған, уақытша жұмыссыз, Жамбыл ауданы Кастек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

  Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы 19 ақпанындағы № 1 шешімімен 2024 жылғы 18 ақпанында сайланған Жамбыл ауданы Талап ауылдық округі әкімін тіркеді.

                             

 

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2024