Ақтерек ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды ХАБАРЛАМАСЫ

Ақтерек ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды

ХАБАРЛАМАСЫ

 

  2024 жылғы 18 ақпанда Ақтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Жамбыл ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының                  2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары  негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1794 азамат енгізілді, олардың 1150-сы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 13.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абдрахаев М.М. – 93; Шарип Н.Э. – 116; Шортанбаев Г.М. – 928.

Актерек ауылдық округі әкімі болып Шортанбаев Гани Муханович сайланды, 1965 жылы туылған, «Жамбыл ауданы Ақтерек ауылдық округі әкімінің» қызметін атқарады, Жамбыл ауданы Ақтерек ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінен ұсынған.

            Жамбыл ауданының сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2024 жылғы  19 ақпандағы №1 шешімімен 2024 жылғы 18 ақпанда сайланған Жамбыл ауданы Ақтерек ауылдық округі әкімін тіркеді.

                             

Жамбыл аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 февраля 2024